Жалғас Жұмағұлов мансабын аяқтау туралы мәлімдеме жасады

Жалғас Жұмағұлов мансабын аяқтау туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желілерде спорттық мансабын аяқтау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

«Мен UFC-де өнер көрсеттім. Қайтадан шыңға көтеріліп, әлі де үздіктердің қатарында екенімді дәлелдедім. Егер UFC-ге қайта оралу менің болашағымда болмаса, онда мансабымды аяқтау туралы байыпты түрде ойланамын. Өкінішсіз. Мен бұл спортқа барымды салдым».

Жұмағұлов UFC ұйымымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі болды. Қазіргі таңда ол еуропалық OKTAGON лигасының чемпионы болып табылады.



Күн шежіресі