NAIZA 70 миллион теңгелік реалити-жобаны іске қосты

NAIZA 70 миллион теңгелік реалити-жобаны іске қосты

NAIZA лигасы бірегей спорттық медиа-жобаның — ауқымды спорттық-ойын-сауық реалити-шоу The Eight жобасының іске қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Көрермендерді үйреншікті жекпе-жектер емес, командалық стратегия мен психологиялық төзімділік басты орынға шығатын ауқымды спорттық драма күтеді.

Жоба аясында 8 команда бақ сынайды. Олардың қатарында Қазақстан (2 құрам), Қытай (2 құрам), Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Үндістан бар. Әр құрамада 5 жауынгерден тіркелген. 12 бөлім бойы қатысушылар қатаң сынақтардан өтіп, ымырасыз жекпе-жектер сүзгісінен өтеді.

Жас таланттарды бағыттап, олардың мықтылығын сынайтындар — «Жұлдызды тәлімгерлер».

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала жобаның маңыздылығына тоқталды:

«Бұл — бүгінгі күнге дейінгі ең ауқымды медиа өніміміз. Біз Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Үндістанның үздік жауынгерлері мен миллиондаған көрерменін бір аренада тоғыстырып, жаңа деңгейге көтерілудеміз. Реалити-шоу форматы көрерменге осы үдерістің ең терең тұстарын көруге мүмкіндік береді: жаттығулардың ішкі қырын, психологиялық қысымды және нағыз көшбасшылардың қалай қалыптасатынын көрсетеді. Әр команда үшін бәйгеде тек жүлде қоры ғана емес, ел намысы да тұр».

Турнирлік жол 7 кезеңнен тұрады. Ширек финалдар мен жартылай финалдар онлайн форматта өтсе, жобаның шарықтау шегі желтоқсан айында өтетін ауқымды LIVE-финал болмақ. Жауынгерлердің мотивациясы өте жоғары: жеңімпаздар лиганың ауыспалы кубогын және 50 000 000 теңге көлеміндегі жүлдені иеленеді.

Реалити-шоудың тұсаукесері биылғы күзге жоспарланған.



Күн шежіресі