Қожахмет Иманғали Open FC лигасының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады

Қожахмет Иманғали Open FC лигасының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады

Open FC ұйымының Мәскеу қаласында өтетін турнирінде екі чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport+.

Алайда кештің басты кездесуінде ресейлік ММА аңызы Алексей Олейник өнер көрсетеді.

Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде жеңілістің ащы дәмін татпаған екі спортшы — Шалбуз Эседуллаев пен қазақстандық жауынгер Қожахмет Иманғали кездеседі.

Бұл жекпе-жекте лиганың чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Турнир 11 шілде күні өтеді.



Күн шежіресі