Зайнутдинов «Бешикташта» Карпинмен қайта қауышуы мүмкін
«Ростов» пен Ресей құрамасының бас бапкері Валерий Карпин «Бешикташты» тізгінін ұсытауы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Карп инсайдтары» Telegram арнасы хабарлағандай, 55 жастағы ресейлік маманға Стамбулдық клубтың басшылығы қызығушылық танытып отыр. Дереккөздің хабарлауынша, «Бешикташ» Карпиннің кандидатурасын Нури Шахинмен («Боруссия» Д) және Марк ван Боммельмен («Антверпен») қатар қарастыруда. Қазіргі «Ростов» пен Ресей құрамасының бас бапкеріні жалақысы жылына 3 миллион еуроны құрауы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, «Бешикташ» құрамында 26-жасар қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. Карпиннің басшылығымен ол Ресей чемпионатында 35 матч өткізді.