logo

Хоккейшілердің жеңістен кейінгі әсері

Хоккейшілердің жеңістен кейінгі әсері

Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Қазақстан хоккейшілері жеңістен кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Команда өте жақсы ойнады. Соңғы сәтке дейін дамылдамады. Бәрі соққыға төтеп берді. Ануар Ахметжанов бес шайбаны кері қайтарды. Қақпашымыз өзін жақсы көрсетті. Қаншама шайбаны ұстады. Менің ойымша, қақпашымыз - матчтың үздік ойыншысы. Қысқасы, соңына дейін беріспедік».

«Қазір хоккейде өзіміз пір тұтатын ойыншылар бар. Жас хоккейшілерге біз де үлгі бола аламыз деген үміттемін».

«Ғажап болды! Әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Тіпті сене алмай тұрмын. Енді тойлаймыз. Үйге барып, Олимпиаданың қола жүлдегеріміз дейміз».



Күн шежіресі