logo

Қазақстан жастар құрамасы Олимпиадаға дайындықты бастап кетті

Қазақстан жастар құрамасы Олимпиадаға дайындықты бастап кетті

19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан құрамасы 3х3 хоккей турниріне қатысады.

Команда құрамында 16 жасқа дейінгі спортшылар бар. Хоккейшілер медальдар үшін Польша, Австрия, Тайпей, Латвия, Дания, Испания және Ұлыбританиямен ойнайды.

Жарыс жүйесі айналмалы түрде өтеді. Бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтіп, турнирлік медальдар үшін таласады.

Бас бапкер Рамазан Қайдаров хоккейшілерді ойындарға дайындалу үшін «Барыс Аренада» жинады. 15 қаңтарда ұжым Оңтүстік Кореяға аттанады, ал 20 күні Польшаға қарсы алғашқы ойынын өткізеді.



Күн шежіресі