Хоккейден Қазақстан құрамасы Швециямен шеберлік байқасады

Хоккейден Қазақстан құрамасы Швециямен шеберлік байқасады

Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасы төртінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

В тобында бақ сынайтын бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевтің командасы хоккейден әлемнің үздік командаларының бірі саналатын Швецияға қарсы мұз айдынына шығады. 

Матч елорда уақытымен 19:20-да басталады. 

Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан командасы топтағы бір ойында ғана жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде құрама ойыншылары Францияны 3:2 есебімен жеңген болатын.



Күн шежіресі