logo

Жібек Құламбаева Словакиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Словакиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Трнава (Словакия) ITF W75 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен грекиялық Сапфо Сакеллариди бастапқы кездесуін корт иелері Лаура Цилекова – Лаура Светиковамен өткізді. Бір сағатқа созылған матчта қазақстандық-грекиялық жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Құламбаева – Сакелларидидің ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады. 

Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингіде 805-орында тұрған Григорий Ломакин Тбилиси (Грузия) ITF жарысының алғашқы айналымында сенсация жасап, әлемнің 615-ракеткасы, ресейлік Егор Агафоновты жеңіп кетті – 7:6 (8:6), 7:6 (7:0). 

Г.Ломакин ширек финалға шығу үшін рейтингіде 793-сатыдағы белоруссиялық Эрик Арутюнянмен таласады.