logo

Қазақстан құрамасы арбадағы теннистен алғаш рет әлем чемпионатына іріктеуге қатысады

Қазақстан құрамасы арбадағы теннистен алғаш рет әлем чемпионатына іріктеуге қатысады

14 наурызда Паттайя қаласында (Таиланд) BNP PARIBAS WORLD TEAM CUP – командалық әлем чемпионаты Азия аймағының іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Іріктеу бәсекесіне алғаш рет Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы қатысады. Қазақстан теннис федерациясы 2022 жылы елімізде арбадағы және адаптивтік теннисті тарату және дамыту ісін бастаған еді. Қысқа уақыт ішінде ұлттық құрама жасақталды.

Әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды.

Ерлер:

Дастан Ниязов (Ақтөбе),

Дінмұхамед Әлиякпаров (Астана),

Қайнар Нұрлыбек (Астана).

Әйелдер:

Айшуақ Жетпісова (Қарағанды),

Айжан Бітімбаева (Қарағанды),

Айгүл Бердешева (Ақтөбе).

Кеше жеребе тартылып, Қазақстан құрамасы С тобына түсті. Онда Малайзия және Ирак командаларымен ойнайды.

Қазақстан әйелдер құрамасы бір ғана топта Оңтүстік Корея, Таиланд және Үндістан теннисшілерімен сынға түседі.



Күн шежіресі