logo

Тимофей Скатов Тунисте негізгі турнирге жолдама алды

Тимофей Скатов Тунисте негізгі турнирге жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Тимофей Скатов Тунистегі челленджер турнирінің іріктеу сынын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 405-орында тұрған нидерландылық Макс Хаукеспен кездесті.

Бірінші партияда 4:3 есебімен Т.Скатов алда тұрған кезде М.Хаукес бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Тимофей Скатов жүлде қоры 82 мың АҚШ долларына бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.

Т.Скатовтың негізгі додадағы қарсыласы кейін анықталады.



Күн шежіресі