logo

Үздік үштік үшін шайқас. «Брага» — «Порту» матчы тікелей эфирде

Үздік үштік үшін шайқас. «Брага» — «Порту» матчы тікелей эфирде

8-9 наурызға қараған түні Португалия чемпионатының 25-турында басты матчта «Брага» өз алаңында «Портуды» қабылдайды, деп хабарлайды Sport+.

Бұл кездесу үздік үштікке талас қана емес, чемпиондық бәсекеге араласуға мүмкіндік беретін ойын болмақ.

«Брага» 2025 жылы өз алаңында ұпай жоғалтқан жоқ. Карлуш Карвальялдың командасы бес матчтың барлығында жеңіске жетті және қазір үшінші орында тұрған «Портудан» небәрі үш ұпай қалып келеді.

«Порту» жыл басынан бері өз деңгейінде өнер көрсете алмай жүр. Команда бес рет жеңіліп, бес рет тең түсті және тек үш рет жеңіске жетті. Бұл дағдарыс шабуылшы Самуға да әсер етті — ол сұрмергендер жарысында Дьекерештен 11 голға қалып қойды.

Бірінші айналымдағы кездесу «Драгау» стадионында өтіп, «Порту» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

«Брага» — «Порту» матчы Астана уақытымен 9 наурызда 01:30–да басталады. Тікелей эфирді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және Sportplustv.kz сайтынан көруге болады.