logo

«Оқжетпес» жаңа маусымда алғаш рет өз алаңында жеңіске жетті

«Оқжетпес» жаңа маусымда алғаш рет өз алаңында жеңіске жетті

Көкшетауда 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының екінші турындағы «Оқжетпес» пен «Атырау» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голдарын Дәурен Жұмат пен Дамир Марат соқты. Ал қонақтар сапынан жалғыз голды Матеус Барбоса соқты.