logo

Мұхаммеджан Сейсен: Сәтпаев гол соққан кезде, мен қақпаны жоғалтып алдым

Мұхаммеджан Сейсен: Сәтпаев гол соққан кезде, мен қақпаны жоғалтып алдым

«Астана» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Sport+ телеарнасында «Pluste Bol» жобасының құрметті қонағы атанып, Қазақстан чемпионатының 1-туры аясында «Қайратқа» қарсы ойында жасаған қателігін түсіндірді. 

— Голды жақын бұрышқа жіберіп қойдым, себебі қақпаны жоғалтып алдым, яғни оң жаққа жақын тұрып қалдым. Матчтан кейін қақпашылармен жұмыс жасайтын бапкермен сараптама жасадық, сол кезде менің қателігім көрініп қалды. Бірақ бұл бала да (Дастан Сәтпаев — Sport+) бірге-бір жақсы шығып, жойқын соққы жасады. 

Сонымен қатар Мұхаммеджан «Қайраттың» футболшыларына арнайы дайындығы туралы айтты. 

— Премьер-лигада ең көп соққы жасайтын — «Қайрат» командасы. Олардың шабуылдаушы футболшылары допты өзінің ыңғайлы аяғына шығарып алатын болса, 30-метрден де соққы бағыттай береді. Осыған бізді (қақпашыларды — Sport+) бапкер арнайы дайындады, — деді Сейсен. 

«Pluste Bol» жобасының толық шығарылымын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз.