logo

Үш дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жайна Шекербекова 15 жас кіші қыздан жеңілді

Үш дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жайна Шекербекова 15 жас кіші қыздан жеңілді

Үш мәрте әлем чемпионатының жүлдегері атанған, 2010 жылғы Азия чемпионы Жайна Шекербекова өзінен 15 жас кіші Элина Базаровадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қарсыласы 2022 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. Айтпақшы, екеуі де Шымкентте бір залда жаттығады. Бұл жекпе-жек 54 келіге дейін салмақта өтті.

Сондай-ақ 2016 жылғы әлем чемпионы Валентина Хальзова (75 келі) түркістандық Шұғыла Нәлібайдан, Жібек Жарасқызы (75 келі) Аида Сарибаровадан айласын асырды.

Азия чемпионы Мәдина Нұршаева (70 келі, Шымкент) Азиза Исинаны (Қарағанды) жеңді. Әнел Сақыш (54 келі, Алматы) астаналық Айшаүл Елеубаеваның осал тұсын тапты.