Санжар Тәшкенбай ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралды
Жарысқа ұлттық құрамадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар келеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол Шымкентте өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған жарысқа қатысады.
«Жаттығуды бастап кеттік. Шымкентте өтеді. 29-на басталады. Көп демалыстан кейін бірінші жарысым болайын деп тұр. Украина құрамасы келді, Қырғыз командасы келеді. Сонымен қатар Өзбекстан боксшылары болады. Жарысқа дайынбыз», - дейді спортшы.
Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнир 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкент қаласында өтеді.