logo

Ұлттық ұлан сарбаздары топ жарды

Ұлттық ұлан сарбаздары топ жарды

Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері екі күнде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінен 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Бұл бәсекеде Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Айбек Айтбеков (57 кг) пен Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Исуф Мациев (97 кг) күміс медаль жеңіп алды. Ал 5571 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Елдос Кемеловке (72 кг) қола медаль бұйырды.

Чемпионаттың екінші күні Ұлттық ұлан құрама командасы грек-рим күресінен екі күміс медаль олжалады.

Бұл жолы Ұлттық ұлан спорт құрамаларын даярлау орталығының дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы ефрейтор Тамерлан Шадукаев (77 кг) пен Өскемен қаласының 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Диас Әскербай (63 кг) күміс жүлде иегерлері атанды.



Күн шежіресі