UFC турниріндегі жекпе-жек жанжалға ұласты
UFC турнирінде америкалық Брайан Баттл мен конголық Эндж Луса арасындағы жекпе-жек жарамсыз деп танылып, жанжалға ұласты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) спортшылар арасындағы кездесу Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен кештің екінші маңызды оқиғасы болды.
Бастапқы раундта Баттл айқын басымдыққа ие болды: барлық төреші бұл аралықты 10:9 есебімен америкалықтың пайдасына шешті. Алайда екінші бес минуттық кезеңнің басында америкалық файтер бас бармағымен қарсыласының көзін шұғып алған.
Лусаны дәрігер тексерген соң, жекпе-жекті тоқтатуды ұсынды. Конголықтың қалпына келуі үшін санаулы минуттар қалғандықтан, жекпе-жек жарамсыз деп танылды.
Нәтиже жарияланғаннан кейін Баттл мен Луса қол алыспай, бір-бірін балағаттай жөнелді. Күзетшілер төбелес болмас үшін спортшыларды ажыратып әкетті.