logo

U20: Балуаны Мықтыбек Үкіметұлы әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады

U20: Балуаны Мықтыбек Үкіметұлы әлем чемпионатын 5-орынмен аяқтады

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мықтыбек Үкіметұлы Понтеведра (Испания) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бесінші орын алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

57 келі салмақтағы балуан қола медаль үшін күресте грузиялық Лука Гвинджилиямен белдескен болатын.

Өкінішке қарай, бұл бәсекеде қазақстандық балуан жеңіліс тапты. Мықтыбек қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Бүгін 97 келідегі Ризбек Айтмұхан алтын медальға таласса, Айқын Болатұлы (70 келі) қола жүлде үшін айқасады.



Күн шежіресі