«Мұнайшылар» өз алаңына оралды: «Атырау» — «Елімай» матчының тікелей эфирі
«Атырау» 2026 жылғы маусымдағы өз алаңындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Бұған дейін мұнайшылар қарсыластарын Түркістанда қабылдап келген болатын. Енді «Елімайға» қарсы матч «Судоремонтник» стадионында өтеді.
«Атырау» өткен турда «Жеңісті» жеңіп, жанкүйерлерімен көтеріңкі көңіл күйде қауышпақ. Ал «Елімай» өз алаңында «Ақтөбеге» есе жіберіп, еурокубок жолдамалары үшін күрестегі жағдайын қиындатып алды.
Атыраудағы кездесу 14 қазанда сағат 19:00–де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.