logo

Қазақстандықтар Ереванда өтетін күрестен Әлем чемпионатында бақ сынайды

Қазақстандықтар Ереванда өтетін күрестен Әлем чемпионатында бақ сынайды

18-24 қараша аралығында Ереванда қарулы күштер арасында күрестен Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.  

Қазақстанның грек-рим, әйелдер және еркін күрестен ұлттық құрамасының бұл жарысқа қатысатын құрамы белгілі болды. Чемпионатта 2018 жылғы Азия чемпионы Асхат Ділмұхамедовтің бозкілемге оралуы ерекше назар аудартуда. Ол Токио-2020 Олимпиадасынан кейін үш жылға жуық уақыт бойы жарыстарға қатыспаған еді.  

Грек-рим күресі: 
- 55 келі: Исхар Құрбаев  
- 60 келі: Айдос Сұлтанғали  
- 72 келі: Мейіржан Шермахамбет  
- 77 келі: Асхат Ділмұхамедов  
- 82 келі: Әлмір Төлебаев  
- 87 келі: Диас Қален  
- 130 келі: Әлімхан Сыздықов  

Әйелдер күресі:
- 50 келі: Светлана Анкичева  
- 55 келі: Марина Седнева  
- 76 келі: Гүлмарал Еркебаева  

Еркін күрес:  
- 57 келі: Дәулет Теміржанов  
- 61 келі: Мерей Базарбаев  
- 65 келі: Майыс Әлиев  
- 70 келі: Мейіржан Әшіров  
- 74 келі: Нұрдәулет Сейідбеков  
- 79 келі: Нұрдәулет Ажікүл  
- 86 келі: Рүстем Мырзағалиев  
- 92 келі: Самир Дурсынов  
- 97 келі: Камил Құруғлиев