Түркия Суперлигасының соңғы туры Sport+ эфирінде
Sport+ телеарнасы Түркия Суперлигасының 34-турындағы үш матчты тікелей эфирде көрсетеді.
Чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен «Галатасарай» сырт алаңда «Қасымпаша» командасымен кездеседі.
Күміс жүлдегер атанған «Фенербахче» өз алаңында тағы бір стамбұлдық клуб — «Эюпспор» командасын қабылдайды.
Ал «Трабзонспор» өз алаңында «Генчлербирлиги» клубымен ойнайды.