Батыс дербиі: «Ақтөбе» – «Атырау» матчының тікелей эфирі

Батыс дербиі: «Ақтөбе» – «Атырау» матчының тікелей эфирі

Футболдан Қазақстан чемпионатының «Батыс дербиі» аясында Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» клубы «Атырауды» қабылдайды.

«Қызыл-ақтар» апта ортасында Қазақстан Кубогы аясында матч өткізіп, өз алаңында «Алтайға» пенальти сериясында есе жіберді. Ал «Атырау» соңғы екі ойында жеңілмей келеді — өз алаңында «Алтайды» жеңіп, сырт алаңда «Оқжетпеспен» тең түсті.

«Ақтөбе» бұл кездесуге турнир кестесінің 7-орнында келіп отыр. Команданың еншісінде 13 ұпай бар. Қонақтар болса 11 ұпаймен 11-сатыда орналасқан.

Матч 18:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және Sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі