«Торпедо» «Анжеге» жеңілді, бірақ Континенталдық кубоктың финалына шықты

«Торпедо» «Анжеге» жеңілді, бірақ Континенталдық кубоктың финалына шықты

Өскемендік «Торпедо» Континенталдық кубоктың топтық кезеңінде француздың «Анже» командасына овертаймда жол берді, деп хабарлайды Sport+.

Матч 3:2 есебімен аяқталды. Қазақстандық команданың құрамында Александр Панченко мен Эрик Алдабергенов шайба соқты.

Алайда ойынды овертаймға жеткізген «Торпедо» 1 ұпай еншілеп, соның арқасында топта 1-орынға ие болды.

Енді финалда «Торпедо» А тобының жеңімпазымен кездеседі.



Күн шежіресі