«Барыс» 2026 жылдың алғашқы сырт алаңдағы ойындарына баратын құрамды жариялады
Барыс хоккейшілері Нижний Новгород — Қазан — Уфа — Екатеринбург бағыты бойынша өтетін сырт алаңдағы матчтарға төмендегі құраммен аттанды.
Қақпашылар:
Никита Бояркин, Адам Шил, Андрей Шутов.
Қорғаушылар:
Адиль Бекетаев, Дмитрий Бреус, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.
Шабуылшылар:
Алихан Асетов, Майкл Веккьоне, Динмухамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Муратов, Максим Мухаметов, Алихан Омирбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Макс Уиллман, Ансар Шайхмедденов.
Эмиль Галимов отбасылық жағдайларға байланысты Астанада қалды. Форвард кем дегенде бүгінгі Торпедо командасымен өтетін матчты өткізіп алады.
Астана уақыты бойынша «Барыс» матчтарының кестесі:
6 қаңтар, 19:00 — «Торпедо» — «Барыс»;
8 қаңтар, 19:00 — Ак Барс — «Барыс»;
10 қаңтар, 16:30 — Салават Юлаев — «Барыс»;
12 қаңтар, 19:00 — Автомобилист — «Барыс».