logo

Төрехан Сабырхан: Жеңіске жету үшін жақсы дайындықпен келдік

Төрехан Сабырхан: Жеңіске жету үшін жақсы дайындықпен келдік

Бүгін Будвада (Монтенегро) бокстан жастар арасында әлем чемпионаты басталды. Қазақстан командасындағы чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі Төрехан Сабырхан Sport+ сайтына пікірін білдірді.

«Міне, біз көптен бері жаттығып, күткен әлем чемпионаты басталды. Біздің команда Будваға керемет дайындықпен және жақсы көңіл күймен келді. Соның ішінде қазіргі уақытта жылдамдық және басқа тұрғыда да жақсы деңгейдеміз деп ойлаймын. Мақсатымыз — алдағы он күнде Қазақстан туын биікке желбірету және командалық есепте бірінші орын алу. Сол мақсатқа жетеміз деген сенімдемін!»

Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы. Ол 67 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Жастар арасындағы әлем чемпионаты 3 қараша күні мәресіне жетеді