logo

Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай референдумда дауыс берді

Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай референдумда дауыс берді

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Танымал қазақстандық боксшы таңдауын Алматыдағы №186 орта мектепте орналасқан № 515 референдум учаскесінде жасады.

Айта кетейік, Алматыда жалпы халықтық референдумда дауыс беру 624 учаскеде жүріп жатыр. Оның 549-ы азаматтарды тұрақты тіркеу орындары бойынша болса, ал 75-і – ауруханалар, санаторийлер және әскери бөлімдер сияқты уақытша орналасқан орындар. 



Күн шежіресі