logo

Жас боксшылар Өзбекстандағы турнирде топ жарды

Жас боксшылар Өзбекстандағы турнирде топ жарды

Ферғанада (Өзбекстан) өткен бокстан қыздар арасындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 15 медаль иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аяжан Ермек (60 келі), Аружан Жанабаева (63 келі) және Шұғыла Нәлібай (81 келі) турнир жеңімпазы атанды. Әнел Абдрасилова (48 келі), Айару Серікбай (57 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі) және Панар Сейітханқызы (+81 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Қола жүлдегерлер: Гаухар Зарден (50 келі), Бағжан Отынбай (52 келі), Аяжан Сыдық (54 келі), Лия Абдуллаева (54 келі), Жанна Нұртілесова (60 келі), Ақбота Есімбекова (70 келі), Арайлым Әлімберген (60 келі).

Аға бапкер Жангелді Ахметов жетекшілігімен Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындалуда. Елге оралып, бір жаттығу жиынын өткізген соң қыздар Черногорияға аттанады. Жастар арасындағы әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.