logo

Тирелл Маласия мансабын Эредивизиде жалғастырады

Тирелл Маласия мансабын Эредивизиде жалғастырады

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Тирелл Маласия ПСВ клубына жалға беріледі, деп хабарлайды Sport+ Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Жақын арада қорғаушы жаңа клубының медициналық тексерісінен өтеді.

Бұған дейін футболшы келісімін берген «Бенфикаға» ауысу жүзеге аспады, өйткені клубтар трансфер құны мен сатып алу мүмкіндігі бойынша келісімге келе алмады.

Маласия Эредивизи көшбасшысы сапында 8 ақпанда «Виллем II» командасына қарсы ойында дебют жасай алады. Бұл матчты тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі