ПСВ басты қарсыласының қақпасына бес гол соқты (видео)
Эредивизи лигасының 14-турының басты матчында турнир кестесінің 1 және 2 орындарын бөлісіп тұрған «Утрехт» пен ПСВ кездесіп, ПСВ жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
12-минутта Исмаэль Сайбари қонақтарды алға шығарды, алайда бірінші таймның соңына қарай «Утрехт» пенальтиден есепті теңестірді. Антони Дескотт бұрышқа дәл соққы жасап, қақпашыны әрекетсіз қалдырды.
54-минутта Гус Тиль ПСВ-ны қайта алға шығарды, оның жетістігін Сайбари мен Жоан Бакайоко жалғастырды — есеп 1:4.
89-минутта Сибе Хореман есепті 2:4-ке жеткізді, бірақ сол сәтте Тиль алыстан соққы жасап, бесінші голды салды.
Бұл жеңістің арқасында ПСВ турнир кестесінде екінші орында тұрған «Утрехттен» сегіз ұпайға озып кетті.