logo

«Әл-Ахли» ПСВ жұлдызын қатарына қоспақ

«Әл-Ахли» ПСВ жұлдызын қатарына қоспақ

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, ПСВ-ның сол қапталдағы қорғаушысы Маттео Дамс саудиялық «Әл-Ахли» клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport+.

Ақпарат көзінің мәліметінше, клубтар трансфер бойынша келісімге келді. Қазір құжаттарды тексеру жүргізіліп жатыр, одан кейін ойыншы медициналық тексерістен өтеді.

20 жастағы футболшы осы маусымда ПСВ сапында 24 матчқа қатысып, 5 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Эредивизи матчтарын Қазақстан аумағында Sport+ телеарнасынан тамашалауға болады. Сонымен қатар, «Әл-Ахлидің» Азия Чемпиондар Лигасындағы ойындарын да осы арнадан көруге мүмкіндік бар.