logo

Алан Құрманғалиев Сауд Арабиясындағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев Сауд Арабиясындағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender 2024 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

17 жастағы қазақстандық Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында үздік шығып, алтын медаль иегері атанды.

Турнир барысында ол жарыс қожайындары Муртадха Абу Абдулла, Абдулала Алхамис, Али Альтахер және Үндістан спортшылары Сарта Мишра, Джаш Моди, Анкур Бхаттачарджиді жеңді.