logo

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы элиталық кезеңге өтті

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы элиталық кезеңге өтті

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер футбол құрамасы өз жас санатындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің элиталық раундына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Соңғы ойын күнінде Кирилл Кекердің шәкірттері Кипр құрамасымен 1:1 есебінде тең ойнады. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Мансур Бірқұрманов соқты. Осылайша 4 ұпай жинаған қазақстандық жас футболшылар өз іріктеу тобында екінші орынға ие болды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сенсациялық түрде Ирландияны жеңіп, алаң иелері әрі бас фаворит Нидерландтардан ұтылған болатын.

Бұл — қазақстандық жасөспірімдердің Еуропа чемпионатының элиталық раундына алғаш рет шығуы. Келесі кезеңнің жеребесі желтоқсан айында өтеді, ал матчтар 2026 жылдың наурызында басталады.