«Қайраттың» жас таланты Қазақстан құрамасына керемет жеңіс сыйлады
2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу матчында Қазақстан құрамасы (U19) Ирландия командасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесудегі жалғыз голды «Қайрат» футбол клубының 18-жасар түлегі Азамат Тұяқбаев соқты.
Келесі ойында біздің команда Нидерланды U19 құрамасымен кездеседі. Матч 15 қарашада сағат 20:00–де Қазақстан уақытымен өтеді.