logo

«Қызылжар» футбол клубы ресми түрде жекешелендірілді

«Қызылжар» футбол клубы ресми түрде жекешелендірілді

Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы жекеменшікке өтті. Бұл туралы клубтың ресми парақшаларында ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Sport+. 

Бүгін клубтың спорттық бренді, инфрақұрылымы және активтерін жеке меншікке беру туралы келісімге қол қойылды.

Құжатта клубтың спорттық-құқықтық мирасқорлығы бекітіліп, ҚФФ, УЕФА және ФИФА аясындағы жарыстарға қатысуға қатысты құқықтар мен міндеттемелерді беру тәртібі айқындалды.

Бұл шешім Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. «Қызылжардың» жаңа иесі — кәсіпкер Сергей Кан.

«Бұл — клуб пен жалпы Солтүстік Қазақстан футболының дамуы үшін маңызды қадам. Жекеменшік басқару жаңа өсу мүмкіндіктерін, инвестиция тартуды және өңірдегі футбол инфрақұрылымын дамытуға жол ашады», — деді клубтың жаңа басшысы.

«Қызылжардан» кейін жекешелендіру кезегі Премьер-лиганың тағы үш клубына — «Жеңіс», «Шахтёр» және «Ақтөбеге» келеді.



Күн шежіресі