Таеквондошы Батырхан Төлеуғали екі дүркін әлем чемпионына есе жіберді
Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездесті.
Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. Бұл – 18 жастағы спортшының тұңғыш Олимпиадасы.