logo

Парижге барған ең жас қазақстандық алғашқы қарсыласын ұтты

Парижге барған ең жас қазақстандық алғашқы қарсыласын ұтты

Париж Олимпиадасына барған ең жас спортшымыз Батырхан Төлеуғали (80 кг) алғашқы жекпе-жегінде Исмаэль Кулибалидан басым түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Есеп: 2-1. Енді Батырхан ширек финалда 2 дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен (Италия) күш сынасады.

Айта кетейік, Батырхан - жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы. Ал Мали таеквондошысы әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері.