logo

«Семей» бразилиялық жұлдызды ардагерді қатарына қосты

«Семей» бразилиялық жұлдызды ардагерді қатарына қосты

«Семей» футзал клубы бразилиялық ойыншы Рафаэль Катата да Розамен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін 39 жасар Катата Бразилияның «Сан-Лоренцо», Италияның «Сан-Джордио», алматылық «Қайрат» және ресейлік «Газпром-Югра» клубтарында ойнаған.

Ойыншы Ресейдің ішкі жарыстарында барлық титулдарды жеңіп қана қоймай, УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған.