logo

Шушеначев Израиль чемпионатындағы алғашқы голын соқты

Шушеначев Израиль чемпионатындағы алғашқы голын соқты

Қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев «Хапоэль Беер Шева» сапында Израиль чемпионатындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Артур «Маккаби Петах-Тиква» командасымен болған ойында жасыл алаңға 54-минутта шығып, 78-минутта есепті теңестірді.

Шушеначевтің жаңа клубы Израиль чемпионатының турнир кестесінде 3-ші орында тұрақтады.