logo

Елордалық бессайысшылар Түркияда өткен әлем кубогында чемпион атанды

Елордалық бессайысшылар Түркияда өткен әлем кубогында чемпион атанды

Бессайыстан Астана қаласының спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Астана қалалық спорт басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, әлем кубогында Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады. 

Екінші орында Египет, үшінші орында Италия құрамасы орналасты.

Еске салсақ, Елена Потапенко биылғы Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алған болатын.

Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-орынды иеленген еді.



Күн шежіресі