logo

Спорт саласында тікелей біріктірілген басқару жүйесі енгізілмек

Спорт саласында тікелей біріктірілген басқару жүйесі енгізілмек

Алдағы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын спорт түрлері «негізгі», «медальдық» және «ұлттық» болып үш санатқа бөлінеді, деп хабарлайды Sport +.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«Қазақстан халқына Жолдауында және 2024 жылғы 27 тамызда Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесу кезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес Үкімет спортты дамыту бойынша бірнеше жүйелі шараларды асыруды қолға алды. Қазіргі таңда заң жобасы („Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау туралы“ заң жобасы) әзірленді. Заң жобасы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын спорт түрлерін үш санатқа бөледі: „негізгі“, „медальдық“ және ұлттық спорт түрлері. Сондай-ақ кәсіпқой командалық спорт клубтарына арналған қаржыландыру лимиттерін бекіту және спорттың басым түрлерін айқындау құзыреті спорт саласындағы уәкілетті органға беріледі. Бұл ретте спорт саласында тікелей біріктірілген басқару жүйесін енгізу көзделіп отыр», — деді Үкімет басшысы жауабында.