logo

Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы турнирде көш бастады

Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы турнирде көш бастады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тұтқалы ат снарядында Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмады. Ол 15.433 ұпаймен жеңімпаз атанды. Күміс пен қоланы тиісінше Өзбекстан мен Хорватия спортшылары иеленді.

Еркін жаттығуда қазақстандық Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен алтын жүлдегер атанды. Осы жаттығуда қола медальді тағы бір спортшымыз Салим Асанов (13.533) еншіледі.

Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі саналады.