Спорт мектебіндегі тәрбиеленуші өлімінен соң бірнеше басшыға қатаң сөгіс берілді
Есет батыр атындағы олимпиада резерві облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 8 сынып оқушысының өлімінен соң бірнеше басшы қатаң сөгіс алып, жаттықтырушылар жұмыстан кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ақтөбе қаласында орналасқан Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі қайғылы оқиғадан соң облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына, мектеп директорына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз еркімен жұмыстан кетті. Сонымен бірге еркін күрестің 4 жаттықтырушысы 1 маусымнан бастап өз еркімен жұмыстан шығып жатыр, - деді Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров.
Еске салсақ, биыл 11 сәуір күні сағат 21:30–да мектеп-интернат-колледжінің 8 сынып оқушысы көз жұмды.