«Ақтөбе» бас бапкері ауруханада жатыр

Futsal Kazakhstan Қазақстан чемпионатындағы «Атырауға» қарсы сырт алаңдағы ойынға МФК «Ақтөбе» бас баскерінің неге қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Кеше «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы бірінші ширек финалдық ойыны кезінде байқалғандай, «Ақтөбе» бас бапкері Виктор Тарчило команда қатарында болған жоқ.
Futsal Kazakhstan мәліметінше, белоруссиялық маман Ақтөбе қаласының ауруханасында өкпенің қабынуы диагнозымен жатыр. Біз түмкен ақпаратқа сүйінсек, ол өзін жақсы сезінеді және жоғары деңгейдегі мамандардың бақылауымен жақсы клиникада емделуде.
Тағы бір қызықты жайт, басқа ақтөбелік команда, «Рахмет» бапкері Серік Үнбаев клиниканы тауып беруге көмектесті», — деп жазды дерек көз.
«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч 5:2 есебімен атыраулық клубтың жеңісімен аяқталды.