Танымал комментатор Василий Уткин 52 жасында қайтыс болды
Танымал комментатор, ресейлік Василий Уткин 52 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
52 жастағы комментатор соңғы жылдары жүрек ауруымен күресіп келген. Бүгін ресейлік БАҚ Уткиннің қайтыс болғанын хабарлады.
Василий Уткин телеарнадағы қызметін 1989 жылы бастаған. Сол аралықта ол футболдан әлем және Еуропа чемпионаттарын жүргізді.
Чемпиондар лигасының төрт финалында, бірнеше Олимпиада ойындарында қызмет еткен.
Ал комментатордың «Футбольный клуб» бағдарламасы ресейлік көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие болды.
Василий Уткин 21 наурызда өтетін Грекия мен Қазақстан арасындағы матчты жүргізуге дайындалып жүрген.