«Ақтөбе» футбол клубы матчтан түскен қаражатты су тасқынынан зардап шеккендерге аударады
«Ақтөбе» футбол клубы елордалық «Жеңіс» командасына қарсы ойынның билетінен түскен қаржыны су тасқынынан зардап шеккендерге аударды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
31 наурызда Қазақстан Премьер лигасының 3-туры аясында «Ақтөбе» ұжымы өз алаңында «Жеңісті» қабылдады. Бұл ойынға футболшылар су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында «Күшіміз – бірлікте« атты жейдемен шықты. Сондай-ақ «Ақтөбе»клубы матчтың билетінен түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ.
«Футбол клубының басшылығы «Ақтөбе» мен «Жеңіс» матчының билетінен түскен қаражатты облыстағы төтенше жағдайдан жапа шеккендерге аудару туралы шешім қабылдады», – делінген «Ақтөбе» командасының Instagram-дағы парақшасында.