Шотландия құрамасының қақпасына керемет гол соққан футболшы «Атырауға» ауысуы мүмкін
Жартылай қорғаушы Юрий Перцух мансабын «Атырау» командасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
2024 жылғы маусымды Перцух семейлік «Елімай» командасында өткізген болатын. Қазақстан чемпионатының 14 матчында ол 2 гол соқты.
Бұған дейін Юрий «Ақжайық», «Астана», «Ақтөбе», «Шахтер» командаларында доп тепті. 2018 жылы ол «мұнайшылар» сапында өнер көрсетіп, ел біріншілігінде 10 матч өткізді.
Қазақстан құрамасының сапында Юрий Перцух 17 матчқа қатысып, 1 гол соқты.