Сербия құрамасының экс-футболшысы «Елімаймен» келісімшартқа отырды

Сербиялық қорғаушы Неманья Чаласан «Елимайдың» қатарына қосылды, деп хабарлайды Sport+ transfermarkt.de сайтына сілтеме жасап.
Неманья Сербия мен Португалия чемпионатында өнер көрсетті, соңғы клуб «Спартак» (Суботица). Чаласан — аталмыш клубтың түлегі.
Чаласан бұрын Сербия құрамасына шақырылып, бір жолдастық кездесу өткізді.
2024/2025 жылғы маусымда Сербия чемпионатында 16 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.