logo

Шетелдік жігітінен таяқ жеген қазақстандық волейболшы 11 жылда неше күйеу ауыстырғанын айтты

Шетелдік жігітінен таяқ жеген қазақстандық волейболшы 11 жылда неше күйеу ауыстырғанын айтты

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бұрынғы мүшесі Кристина Карапетян Instagram желісіне тіркелген 11 жылда не өзгергенін жазды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ең алғаш 2013 жылдың 11 қарашасында жазба жарияладым. 11 жылда 1865 фото салыппым. Осы уақыт аралығында 2 күйеуде болдым. Бес қалада тұрдым, үш волейбол командасын ауыстырдым. Клип, сериалға түстім», - дейді волейболшы қыз.

Айта кетейік, Кристина Карапетян Ресейде дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Ұлттық құрамада ойнады. «Ертіс», «Жетісу» командаларында өнер көрсетті. 2020 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған. Ол ең алғаш 2014 жылы Ресейде жаттықтырушы Дмитирий Карапетянға тұрмысқа шыққан. Кейін Қазақстанға келгенде волейболшы Михаил Устиновтың жары болды. Ал былтыр Кипрге барып, сол жақта бір жігітпен кездесті. Алайда, көктемде оңбай таяқ жеп, елге оралды.

Наурыз айында 31 жастағы спортшы Кипрде шетелдік жігіті соққыға жыққанын мәлімдеген болатын.