«Тараз» командасы волейболдан Қазақстан чемпионы атанды
Павлодарда волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұған дейін қос клуб чемпиондық үшін өткен ойында бір-бірден жеңіске жеткен еді – 1:1.
Бұл жолы бірінші партияда Игорь Никольченко жаттықтыратын павлодарлықтар 30:28 есебімен басым түсті. Алайда бұдан кейін тараздықтар (бас бапкері Андрей Патраков) камбэк жасады: 25:21, 25:14, 25:15.
Осылайша «Павлодарды» өз алаңында 3:1 есебімен жеңген «Тараз» ел чемпион атанды. «Павлодар» күмісті қанағат тұтса, «Есілге» (СҚО) қола медаль бұйырды.
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, үздік ойыншылар марапатталды.