Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан «AVC шақыру кубогі» турнирінде Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық қыздар жартылай финалда алаң иелері – Филиппин командасымен сынға түсті. Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 (25:23, 25:21, 25:14) есебімен ұтты.

Екінші жартылай финалда Вьетнам командасы Аустралияны 3:0 (25:21, 25:19, 25:16) жолдан тайдырды.

Осылайша, Қазақстан мен Вьетнам соңғы бәсекеде «Сегіздік финалына» берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.

Топтық бәсекеде қазақстандықтар Вьетнам қыздарына 1:3 есебімен есе жіберген еді. Енді Ришат Гилязутдинов шәкірттерінің қарымта қайтаратындай мүмкіндігі бар.